homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Қазақстанда ақша аударымдарына бақылау күшейеді

07.10.2025, 15:49

Қазақстанда биыл электрондық ақша аударымдарын қатаң қадағалау шаралары енгізіледі, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, соңғы уақытта заңсыз қаржы айналымдары мен криптовалюта арқылы ақша жасыру әрекеттері көбейген. Агенттік орынбасары Қайрат Бижановтың айтуынша, жыл басынан бері 81 «көлеңкелі касса» желісі әшкереленіп, жалпы айналымы 24 миллиард теңгеден асқан. Сонымен қатар 130 криптообменник қызметі тоқтатылып, 16,7 миллион доллар көлеміндегі активтер тәркіленді.

Жаңа талаптар:

  • Картаға 500 мың теңгеден астам сома түскен жағдайда, міндетті түрде жіберушінің ЖСН көрсетілуі керек.
  • Аударымдар SMS не мобильдік қосымша арқылы расталады.
  • 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап банкоматтағы бейнежазбалар 180 күнге дейін сақталады.
  • Анонимді транзакциялардың алдын алу үшін биометриялық сәйкестендіру (бет, саусақ ізі) қолдану қарастырылып жатыр.
  • Агенттік бұл шаралардың басты мақсаты — заңсыз аударымдарды азайтып, қаржы қылмыстарын анықтауды жеңілдету екенін атап өтті.