homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Еңбек кітапшасы әлі керек пе? Министрлік түсіндірме жасады

07.10.2025, 15:16

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек кітапшасының кей азаматтар үшін әлі де маңызды құжат екенін еске салды, деп хабарлайды Juzmedia.kz

Ведомствоның мәліметінше, еңбек кітапшасы қызметкердің еңбек жолын, жұмысқа қабылдану және жұмыстан шығу деректерін растайтын негізгі құжаттардың бірі болып қала береді. Әсіресе 1998 жылға дейінгі еңбек өтілін есептеу кезінде ол басты дәлел ретінде қолданылады.

Министрлік түсіндіргендей, егер еңбек кітапшасы жоғалған немесе жазбалар толық болмаса, еңбек өтілі басқа құжаттармен немесе сот шешімімен расталуы мүмкін.

2020 жылдан бастап еңбек қатынастары жөніндегі мәліметтер электрондық форматқа көшірілді. Енді жұмыс берушілер еңбек шарттары туралы деректерді Еңбек келісімдерін есепке алу бірыңғай жүйесіне енгізеді. Бұл еңбек қызметін тек қағаз жүзінде емес, цифрлық түрде де растауға мүмкіндік береді.