Елімізде туу көрсеткішінің артуына байланысты перзентханалар желісі кеңейіп келеді. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, алдағы уақытта Қазақстанда 12 жаңа перинаталдық орталық салу жоспарланған деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Қазірдің өзінде Астанада жаңа перзентхана құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңына дейін Шымкент қаласы мен Түркістан облысында да заманауи орталықтардың іргетасы қаланбақ.
Жаңа нысандардың салынуы елімізде ана мен балаға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді деп күтілуде.