Ақмола облысында әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үй құрылысына бөлінген қаржыны жымқыру бойынша тергеу аяқталды деп хабарлайды Juzmedia.kz Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, 2020 жылы «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен «НИКС Инжиниринг Групп ИВ» ЖШС арасында 500 млн теңгеден астам сомаға келісімшарт жасалған. Бірақ мердігер құрылыс бөлімі басшысының көмегімен үш жыл бойы іс жүзінде орындалмаған жұмыстарға жалған актілер рәсімдеп отырған.
Салдарынан мемлекетке 152 млн теңге көлемінде шығын келген. Қазір күдіктілердің 100 млн теңгеден асатын мүлкіне тыйым салынды. Мердігер қамауға алынып, қылмыстық іс сотқа жолданды.
Ақмола облысында әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үй құрылысына бөлінген қаржыны жымқыру бойынша тергеу аяқталды.