Қазақстанда денсаулық сақтау саласына байланысты шағымдар азайғаны белгілі болды деп хабарлайды Juzmedia.kz
Министрліктің дерегінше, 2025 жылдың қаңтар–тамыз айларында халықтың медициналық қызметке қатысты шағымдары өткен жылмен салыстырғанда 18 пайызға төмендеген.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бұл көрсеткішті жүйеге енгізілген реформалардың нәтижесімен байланыстырды. Оның айтуынша, биылдан бастап 2,5 мыңға жуық медицина қызметкері қайта даярлаудан өтіп жатыр.
Сондай-ақ, 20 өңірде аурухана мен емхана желісін кеңейтуге бағытталған реновациялық бағдарлама іске қосылған. Бағдарлама төсек-орын тапшылығын азайтып, өңірлердегі медициналық инфрақұрылымды жаңартуға бағытталған.
2026 жылдан бастап сұранысы жоғары кейбір медициналық қызмет түрлеріне тарифті арттыру жоспарланып отыр. Премьер-министр Олжас Бектенов сапалы қызмет көрсету – басты міндет екенін атап өтіп, қабылданған шаралардың нақты нәтижесін талап етті.