Абай облысының Үржар ауданындағы Бестерек ауылында 19 тамызда болған жол апаты тағы бір баланың өмірін жалмады деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бір айдан астам уақыт комада жатқан қыз көз жұмды.
Оқиға кезінде 55 жастағы Toyota Camry көлігінің жүргізушісі үйдің қақпасы алдында ойнап жүрген балаларды қағып кеткен болатын. Үш бала оқиға орнында қаза тапқан, тағы үшеуі жарақат алған еді. Екі бала Астанада емделіп, қазір оңалту курсынан өтіп жатыр.
Полиция істі тергеп жатыр. Көлік жүргізушісі қамауға алынған, сараптама оның мас күйде болмағанын анықтаған.