homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Қазақстан Германияға жіберетін мұнайдың көлемін арттырды

07.10.2025, 10:26

Қазақстан мен Германия арасындағы мұнай жеткізу туралы келісім 2026 жылдың соңына дейін ұзартылды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Асхат Хасенов пен Rosneft Deutschland GmbH бас директоры Йоханес Бремер қол қойған жаңа келісімге сәйкес, Карачаганак Петролиум Оперейтинг кен орнынан жөнелтілетін мұнай көлемі айына 100 мың тоннадан 130 мың тоннаға дейін көбейеді.

Биылғы тоғыз айда Қазақстаннан Германияның Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауытына шамамен 1,5 миллион тонна мұнай жеткізілген.