Атырау қаласында қайтадан түтіннің өткір иісі тарады деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, түтін Каспий теңізі маңындағы “Тухлая балка” аумағындағы өрттен шыққан. Бұл жер қала орталығынан шамамен 20 шақырым қашықта орналасқан. Қазір оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі өртті сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Маусым айында да Атырау маңында осындай түтін мен жағымсыз иіс тараған еді. Сол кезде от шамамен 800 гектар аумақты шарпыған болатын. Қазір мамандар ауа сапасын бақылап, тұрғындарға терезені жапқызып, үйден шықпауға кеңес беріп отыр.