homepage
Фото: depositphotos.com

Иран әйелдері енді хиджаб киюге міндетті емес

07.10.2025, 09:02

Иран билігі әйелдерге хиджаб киюді міндеттейтін заңның күшін жойды. Енді елде хиджаб кимеген әйелдерге ешқандай әкімшілік немесе қылмыстық жаза қолданылмайды деп хабарлайды Juzmedia.kz

Бұл шешім туралы Иранның «мақсаттылық кеңесінің» мүшесі Мохаммадреза Бахонар мәлімдеді. Оның айтуынша, мемлекет енді әйелдердің киім таңдау еркіндігіне араласпайды.

Мұндай өзгеріс 2022 жылы Махса Аминидің өлімінен кейін басталған жаппай наразылықтардан соң қабылданды. Сол кезде елде жүздеген адам қаза тауып, мыңдаған адам ұсталған еді. Хиджаб ережесінің жойылуы — Иран қоғамындағы ең ірі әлеуметтік өзгерістердің бірі ретінде бағаланып отыр.
 

Теги: