homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Қызылорда облысында жасөспірім мүгедектігі бар баланың аяғын күйдірген

06.10.2025, 17:38

Қызылорда облысында мүгедектігі бар баланы азаптаған жасөспірім ұсталды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеода баланың аяғы күйіп, таңылған күйде көрінеді. Оқиға жұрттың ашу-ызасын туғызды.

Полицияның мәліметінше, күдікті жасөспірім қамауға алынып, қылмыстық іс «бұзақылық» бабы бойынша тергеліп жатыр. Зардап шеккен баланың жағдайы бақылауға алынған.

Бұл оқиға қоғамда кең талқыланып, әлеуметтік желілерде кінәліге қатаң жаза қолдануды талап еткен пікірлер көбейді.