homepage
Фото: Instagram

Шерхан Қалмұрзаға ректорлық грант табысталды

06.10.2025, 17:10

Қазақ спорт және туризм академиясының студенті, қақпашы Шерхан Қалмұрзаға ректорлық білім беру гранты берілді деп хабарлайды Juzmedia.kz.

 Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жас спортшымен кездесу барысында айтты. Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысы бұқаралық спорт пен жастардың дамуына ерекше көңіл бөледі.

«Президент балалардың амандығы мен сапалы білім алуы – елдің келешегімен тікелей байланысты екенін атап өткен еді. Біз де жастарды қолдап, олардың әлеуетін ашуға жағдай жасап келеміз. Спортшылар тек спортта емес, өзге салаларда да табысқа жетуі үшін білім алуы маңызды», – деді Саясат Нұрбек.

Министр жас қақпашының жетістігін жоғары бағалап, оны Қазақстан жастарына үлгі ретінде атап өтті, сондай-ақ алдағы ойындарда жеңіс тіледі.