Әлемге әйгілі актер және продюсер Джеки Чан Қазақстанда түсірілетін «Доспехи Бога: Ультиматум» атты жаңа фильмде басты рөлді сомдайды, деп хабарлайды Juzmedia.kz
Жобаны қазақстандық Sаlem Entertainment компаниясы жүзеге асырады. Бұл атақты «Доспехи Бога» франшизасының төртінші бөлігі болмақ. Алдыңғы бөлімдері – «Операция Кондор» (1991) және «Миссия Зодиак» (2012) – әлемдік прокатта үлкен табысқа жеткен еді.
Фильмнің түсірілімі Қазақстан аумағында өтетіні хабарланды, алайда нақты локациялар мен кесте әзірге жарияланған жоқ. Джеки Чан жақында Алматыға келіп, жобаның бастамасына арналған кездесуге қатысқан.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жаңа картина экшн мен шығыс мәдениетін тоғыстырып, қазақстандық табиғаттың көріністерін де әлемге танытпақ.