homepage
Фото: Zakon.kz

Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді

06.10.2025, 15:50

6 қазанға қараған түні Шымкент пен оған іргелес өңірлерде жер сілкінісі сезілді, деп хабарлайды Juzmedia.kz

Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмологиялық станциялар желісі 01:29-да тіркелген дүмпудің магнитудасы 5,9 болғанын мәлімдеді. Эпицентр Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 465 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісі Жамбыл облысында 4 балға дейін, Түркістан облысы мен Шымкент қаласында шамамен 3 балл шамасында сезілді. Қазіргі мәлімет бойынша, қираулар мен зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайлар қызметі жағдайды бақылауда ұстап отыр.