homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстандық оқушы ағылшын тілінен әлемдік олимпиадада топ жарды

06.10.2025, 15:03

Алматы қаласындағы №23 мектеп-гимназияның оқушысы Дария Насимуллина Грекияда өткен ағылшын тілінен халықаралық KGL Contest олимпиадасында 40-тан астам елдің ішінде бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Juzmedia.kz

KGL Contest – ағылшын тілін шет тілі ретінде меңгеріп жүрген 8–17 жас аралығындағы оқушыларға арналған беделді халықаралық олимпиада. Биылғы финал 2–4 қазан аралығында Салоники қаласында өтті.

Дариямен бірге финалға қатысқан Әли Алпысбай (Астана), Таңат Төленбай (Алматы) және Жасмин Бақытжан (Қызылорда) да жоғары нәтиже көрсетті.

– Өз атымды бірінші орын ретінде естігенде сенбедім, бұл мен үшін үлкен мәртебе, – деді жеңімпаз Дария Насимуллина.

Олимпиаданы ұйымдастырған International Testing Authority өкілдері Қазақстанның алғаш қатысып-ақ үздік нәтиже көрсетуін ерекше атап өтті.