Швецияда дәстүрлі Нобель апталығы басталды. Алғашқы болып медицина және физиология саласындағы 2025 жылғы Нобель сыйлығының иегері жарияланады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Артынша 7 қазанда физика, 8 қазанда химия, 9 қазанда әдебиет саласының лауреаттары анықталады. Ал 10 қазанда Ослода бейбітшілік сыйлығының иесі белгілі болады. Экономикалық ғылымдар бойынша марапат 13 қазанда табысталады.
1901 жылдан бері медицина саласында Нобель сыйлығы 115 рет беріліп, жалпы 229 ғалым лауреат атанған. Олардың арасында бар болғаны 13 әйел бар.