Алматы қаласы ресми түрде Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесінің шешімімен World Craft City – әлемдік қолөнер қаласы мәртебесіне ие болды, деп хабарлайды Juzmedia.kz
Бұл атақ Алматының мәдени мұраны сақтау және дәстүрлі қолөнерді дамыту бағытындағы еңбегін халықаралық деңгейде мойындатты. Салтанатты рәсім ALA CRAFT 2025 халықаралық фестивалі аясында өтті, оған 100-ден астам шебер қатысты.
Жаңа мәртебе Алматының креативті индустриясын, мәдени туризмін және қолөнер экожүйесін дамытуға серпін бермек. Сарапшылардың пікірінше, бұл шешім қаланы өңірлік мәдени орталық ретінде жаңа деңгейге шығарады.