homepage
Фото: Akorda

Түркі елдері саммитінде не талқыланбақ?

06.10.2025, 11:37

11 қазанда Әзербайжанның Қабала қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті өтеді. Кездесуде түркі елдерінің көшбасшылары экономикалық интеграцияны, көлік және энергетика салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылайды, деп хабарлайды Juzmedia.kz

Биыл ұйымға мүше елдердің өзара сауда айналымы шамамен 1,1 трлн долларға жеткен. Саммит барысында бұл көрсеткішті ішкі айналымда 10 пайызға дейін арттыру жолдары қаралмақ. Негізгі тақырыптардың бірі – Транскаспий халықаралық көлік бағыты мен «Орта дәліз» жобасын дамыту.

Бұдан бөлек, көшбасшылар жаңартылатын энергия көздерін пайдалану, «Цифрлық Жібек жолы» жобасын ілгерілету, сондай-ақ Түркі инвестициялық қоры арқылы бірлескен жобаларды қаржыландыру тетіктерін талқылайды.

Күн тәртібінде мәдени және гуманитарлық байланыстарды кеңейту, тіл мен білім саласындағы ортақ бағдарламаларды үйлестіру де бар. Саммит қорытындысы бойынша түркі елдерінің стратегиялық серіктестігін күшейтетін жаңа келісімдер қабылданады деп күтілуде.