Энергетика министрлігінің мәліметінше, өңірлер алдағы жылыту маусымына қажетті көмір қорының 65 пайызын ғана дайындаған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Қазір жоспарланған 7,4 млн тоннаның 4,8 млн тоннасы жиналған. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ернар Хасенов көмір өндіруші кәсіпорындармен және «Қазақстан темір жолы» өкілдерімен кеңес өткізіп, жеткізу мен тасымалдау мәселесін талқылады.
Жиында вагон жетіспеушілігі, өңірлік операторлардың жұмысы және көмір дайындау қарқыны қаралды.
Министрлік өңірлердің көмірмен уақтылы әрі толық қамтамасыз етілуін ерекше бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.