homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстанның солтүстігінде жаңбыр мен қар күтіледі

06.10.2025, 10:08

Ертең еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады, тек солтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар аралас жауын жауады, ал батыста аздаған жаңбыр күтіледі деп хабарлайды Juzmedia.kz.

«Қазгидрометтің» мәліметінше, оңтүстік пен батыста жел күшейеді. Солтүстік пен оңтүстікте тұман түсіп, оңтүстік аймақтарда шаңды дауыл болуы ықтимал.

Жамбыл облысының таулы аудандарында, Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, сондай-ақ Жетісу облысының солтүстік және орталық бөлігінде аяз күтіледі.

Теги: