homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Биткоин жаңа рекорд орнатты

06.10.2025, 09:30

Әлемдік нарықтағы ең танымал криптовалюта биткоин бағасы 125 245 доллардан асып, тарихтағы ең жоғары көрсеткішке жетті. Бұл – тамыз айындағы 124 480 долларлық рекордтан да жоғары, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

CoinMarketCap дерегінше, соңғы тәулікте биткоин шамамен 2,7 пайызға қымбаттаған. Сарапшылар бұған АҚШ-тағы акциялар нарығының өсуі, биткоин-ETF бағыттарына капитал ағуы және доллардың әлсіреуі әсер еткенін айтады.

Сонымен қатар АҚШ үкіметінің жұмысы уақытша тоқтап, кей экономикалық деректердің жариялануы кейінге қалуы да инвесторлардың криптоактивтерге бет бұруына ықпал еткен.

Экономистердің пайымынша, егер нарықтағы бұл үрдіс жалғасса, биткоин бағасы жыл соңына дейін 130 мың доллар шегінен де асуы мүмкін.