homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Украинадағы қанды түн: Ресейдің ең ірі шабуылынан бүтін бір отбасы қаза тапты

06.10.2025, 09:04

Украинаның батысындағы Львов облысына түнгі уақытта Ресей дрондар мен зымырандар арқылы шабуыл жасады. Бұл соғыс басталғалы бері аймаққа бағытталған ең ірі соққы болды деп хабарлайды Juzmedia.kz

Бір үйге түскен зымыран салдарынан отбасының төрт мүшесі, оның ішінде 15 жастағы қыз қаза тапты, тағы алты адам жараланды. Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, сол түні Ресей тоғыз облысқа 50-ден астам зымыран және 500-ге жуық дрон ұшырған. Львов қаласында өрт шыққан, жарық сөнген. Ресей Қорғаныс министрлігі бұл соққылар “әскери нысандарға бағытталды” деп мәлімдеді.

Польша билігі Львовқа жақын болған жарылыстардан кейін әуе қорғанысын күшейтіп, истребительдерді әуеге көтерді. Сарапшылар мұны соғыс географиясының батысқа қарай кеңейгенінің және Польша шекарасына дейінгі қауіптің артқанының айғағы деп бағалайды.