Жапонияда алғаш рет әйел адам премьер-министр болуы мүмкін, деп хабарлайды Juzmedia.kz
Либерал-демократиялық партияның жаңа жетекшісі болып 63 жастағы Санаэ Такаити сайланды. Бұл партия парламенттегі басым күшке ие болғандықтан, оның басшысы әдетте премьер-министр қызметіне ұсынылады. Егер парламент оны ресми түрде бекітсе, Такаити Жапония тарихындағы алғашқы әйел премьер-министр атанбақ.
Санаэ Такаити бұрын ішкі істер министрі болған, ал саясаттағы ұстанымы – ұлттық қауіпсіздік пен дәстүрлі құндылықтарды күшейту. Сарапшылар оның билікке келуі жапон қоғамындағы әйелдердің саяси ықпалын жаңа деңгейге көтеруі мүмкін деп санайды.