Грузияда жергілікті сайлаудан кейін мыңдаған адам көшеге шықты. Оппозиция парламент алдына жиналып, Руставели даңғылы мен Тәуелсіздік алаңын толықтай жапты деп хабарлайды, Juzmedia.kz
Шерушілер мен полиция арасында қақтығыс болып, көз жасауратқыш газ қолданылды. Жараланғандар бар. Наразылықтың басты себебі — билеуші «Грузин арманы» партиясының жеңісті жариялап, елдің ЕО-ға ұмтылысын тоқтата тұру деген шешімі. Демонстранттар биліктің отставкасын және Еуроодаққа интеграция бағытын одан әрі жалғастыруды талап етеді.
Елдің Ішкі істер министрлігі қақтығысқа қатысты қылмыстық істер қозғағанын хабарлады. Ал премьер-министр Кобахидзе бүліктер үшін ЕО елшісін айыптап, оны «конституциялық құрылымды құлатуға қолдау көрсетті» деп мәлімдеді.