Қызылорда қаласында 11 мың көрерменге арналған көпсалалы «Қайсар Арена» стадионы пайдалануға берілді. Бұл – елімізде УЕФА талаптарына толық сай салынған үшінші стадион, деп хабарлайды Juzmedia.kz
Жаңа спорт кешенінің жалпы аумағы 20 мың шаршы метрден асады. Мұнда бокс, күрес, гимнастика, таеквондо және ауыр атлетикаға арналған заманауи залдар бар. Сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін де барлық жағдай қарастырылған.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, биылдың өзінде еліміздің 14 өңірінде 32 спорт нысаны пайдалануға берілген. Жыл соңына дейін тағы 70 нысанның құрылысы аяқталмақ. Министрлік «Қайсар Арена» кешенін халықаралық жарыстар мен мәдени-спорттық іс-шараларды өткізуге мүмкіндік беретін ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі ретінде атап өтті.