homepage

Қазақстан шетелдік банктерден 366 млрд теңге қарыз алмақ

13.11.2024, 12:16

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарайды.

Құжат шетелдік банктен қарыз алу туралы келісімді бекітуді көздейді.

"Заң жобасы Үкімет қаулысымен Мәжіліске 2024 жылдың 23 қазанында енгізілді. Қарыз туралы келісімге 2024 жылдың 21 тамызында Астанада қол қойылды. Банк Қазақстанға 52,7 млрд иена сомасында қарыз бөледі. 2027 жылдың 1 маусымына дейінгі жеңілдік кезеңін қосқанда, қарызды өтеу мерзімі – 15 жыл.

Ал АДБ қарызы Қазақстан Республикасына 52,3 млрд иен (52 335 274 722 иен) сомасында өтеу мерзімі 15 жыл, оның ішінде 2027 жылдың 1 маусымына дейін жеңілдік кезеңімен берілген", - деді депутат – қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Татьяна Савельева.

Оның айтуынша, Қарыз жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет тапшылығының бекітілген мөлшері шеңберінде ел экономикасының орнықтылығын қолдау үшін де тартылады. 

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.