homepage
Фото: Instagram

Темірлан Анарбековке автокөлік сыйлады

04.10.2025, 16:30

«Қайрат» футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбековке қазақстандық компания жаңа автокөлік сыйлады деп хабарлайды Juzmedia.kz 

Темірлан Анарбеков «Реалдың» Алматыға келуіне жол ашқандардың бірі. Шотландиялық “Селтикпен” ойында бірнеше пенальтиді қайтарып, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығарған еді.

Алайда ол жарақатына байланысты ойынға қатыса алмады. Соған қарамастан, халық пен демеушілер оның үлесін ерекше атап өтті.

«Темірланның еңбегі көпшілік көзінен тасада қалмасын. Егер ол болмағанда, мұндай тарихи кездесу өтуі де екіталай еді», – дейді ұйымдастырушылар.