homepage
Фото: видеодан алынған

Петропавл автобусында қыз бала таяқ жеп қалған

04.10.2025, 14:42

Петропавлда №2 бағыттағы автобус ішінде мас күйдегі жолаушы 12 жастағы мектеп оқушысына соққы жасады деп хабарлайды Juzmedia.kz

Куәгерлердің айтуынша, қыз бала ер адамдардың дөрекі мінезіне ескерту жасағаннан кейін олардың бірі орнынан тұрып, оқушыға қол көтерген. Автобус жүргізушісі дереу есікті жауып, күдіктілерді шығармай қойған.

Полиция оқиға орнына жетіп, ер адамды ұстады. Қазір бұл факті бойынша тергеу басталды.