homepage
Фото: depositphotos.com

ХАМАС тұтқындарды босатып, Газадағы билікті тапсыруға келісті

04.10.2025, 14:16

Палестиналық ХАМАС қозғалысы барлық тірі израильдік тұтқындарды босатып, қаза тапқандардың денелерін қайтаруға, сондай-ақ Газа секторын басқаруды тәуелсіз технократтар комитетіне беруге келісті деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ұйым өкілдері мұндай шешім АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған “алмасу формуласына” сәйкес қабылданғанын айтты. Алайда 72 сағат ішінде барлық шарттарды орындау “қазіргі жағдайда мүмкін емес” деп мәлімдеді.

Жаңа комитет ұлттық палестиналық консенсус негізінде, араб және ислам елдерінің қолдауымен құрылмақ. ХАМАС бұл құрылымды жалпы палестиналық келісім аясында талқылауды көздеп отыр.