homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Қайрат Боранбаев мерзімінен бұрын босатылмайды

04.10.2025, 10:46

Бизнесмен Қайрат Боранбаев шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға өтінішін кері қайтарып алды, деп хабарлайды Juzmedia.kz 

Сот отырысы 2025 жылғы 2 қазанда Алматының Бостандық аудандық сотында өтті. Соттың баспасөз қызметі мәлімдегендей, сотталған Боранбаев өтінішін өзі қайтарып алғандықтан, іс қараусыз қалдырылған.

Боранбаевқа қатысты іс қаңтар оқиғасынан кейін қозғалған еді. Ол «ҚазТрансГаз» компаниясы бойынша 14,5 млрд теңге ұрлады деген айыппен сотталған. 2023 жылы сот оны кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеуге үкім шығарған. Кейін апелляция мерзімді 6 жылға қысқартқан, ал сол жылдың күзінде жазаның бір бөлігі шектеу шарасына ауыстырылған.