homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Шахтинскіде өрттен 14 адам аман қалды

04.10.2025, 09:08

Қарағанды облысының Шахтинск қаласында бес қабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Тілсіз жау шыққан сәтте тұрғындар дереу эвакуацияланған. Барлығы 14 адам, оның ішінде 3 бала қауіпсіз жерге шығарылды. Құтқарушылар пәтерден газ баллонды алып шығып, жарылыстың алдын алды.

Өрт дер кезінде сөндіріліп, зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
 

Теги: