Қазақстанға жақын күндері солтүстік-батыс антициклоны әсер етіп, елдің басым бөлігінде ашық әрі құрғақ ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Juzmedia.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Дегенмен, солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен сулы қар жауады. Солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста тұман түсіп, шығыста көктайғақ болуы ықтимал. Ал оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі.
Температуралық көрсеткіштер:
Солтүстік облыстарда түнде –3…+5°С, күндіз +5…+15°С.
Шығыста түнде –13°С-қа дейін аяз, күндіз +3 пен –5°С аралығында.
Оңтүстік-шығыста түнде –3°С шамасында үсік сақталады.
Қалған аймақтарда ауа райы тұрақты, бірақ күзге тән салқындық байқалады.