homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Путин Еуропаға ескерту жасады

03.10.2025, 16:06

Ресей президенті Владимир Путин Еуропа елдері Украинаға қару-жарақ жеткізуді жалғастыра берсе, Мәскеу «маңызды әрі қатаң» жауап қайтаруға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz Le Monde басылымына сілтеме жасап.

Путиннің айтуынша, Еуропа елдері қақтығысты ушықтырып, жағдайды бейбіт шешудің мүмкіндігін әлсіретіп отыр. «Біз ұзақ күтпейміз. Ресей өз мүддесін қорғау үшін шешуші қадамдар жасайды», – деді ол.

Бұл мәлімдеме Батыс елдерінің Киевке жаңа әскери көмек беру жоспары талқыланып жатқан сәтте айтылды. Сарапшылардың пікірінше, Мәскеудің бұл ескертулері Еуропа мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты одан әрі шиеленістіріп жіберуі мүмкін.