Қазақстанда жасырын жұмыс істеген бірнеше майнинг фермасы анықталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz
Қаржы мониторингі агенттігінің дерегінше, заңсыз майнинг қондырғылары электр энергиясын рұқсатсыз тұтынған. Тергеу барысында мемлекетке келген шығын көлемі 1,3 млрд теңгеден асқаны анықталды.
Арнайы операция кезінде жабдықтар тәркіленіп, күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Құзырлы органдардың айтуынша, мұндай әрекеттер энергетикалық жүйеге артық салмақ түсіріп, қарапайым халықтың жарыққа қолжетімділігін шектейді.
Мамандар заңсыз майнингтің елдің энергетикалық қауіпсіздігіне де қауіп төндіретінін атап өтті.