homepage
Фото: Ашық дереккөзден

АЭС Қазақстанға энергетикалық тәуелсіздіктің кепілі — Бектенов

03.10.2025, 14:11

Қазақстанда атом электр станциясын салу – таза энергия мен энергетикалық тәуелсіздіктің стратегиялық қадамы. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Kazakhstan Energy Week-2025 форумында айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz 

Үкімет басшысы өсіп келе жатқан энергияға сұранысты өтеуде АЭС-тің маңызы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан уран мен сирек кездесетін металдарға бай ел ретінде сенімді халықаралық серіктеске айналуға ұмтылатынын жеткізді.

Форумда Бектенов халықаралық ұйымдар және бизнес қауымдастықпен бірлесе отырып, жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға дайын екенін мәлімдеді.

Теги: