homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстанның тағы бір қаласына қар жауды

03.10.2025, 12:46

Өскеменде қалың қар жауды. Қазгидрометтің болжамы тағы да расталды – елдің шығысында алғашқы қар түсті, деп хабарлайды Juzmedia.kz

2025 жылғы 1 қазанда алғашқы қар Таразда және Алматының Медеу ауданында жауған еді. Бұған дейін, 29 қыркүйекте Қостанай тұрғындары да қалың киіммен қатар бас киім мен шарф тағуға мәжбүр болған болатын.

Ал бүгін, 3 қазанда әлеуметтік желілерде Өскеменде жауған қалың қардың видеосы тарады. Кадрларда жолдардың толықтай қармен жабылғаны анық көрінеді. Роликті жергілікті тұрғындар түсірген.

Мамандардың айтуынша, алдағы күндері шығыс өңірлерде ауа райы суытып, қар аралас жаңбыр жалғасуы мүмкін.