homepage
Фото: Ашық дереккөзден

2026 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер 10 пайызға өседі

03.10.2025, 12:02

Қазақстанда 2026 жылдан бастап зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер 10–10,5 пайызға индекстеледі. Бұл шешім республикалық бюджет жобасында қарастырылған, деп хабарлайды Juzmedia.kz

Әлеуметтік салаға бөлінетін қаражат көлемі 622 миллиард теңгеден асады. Министрліктің түсіндіруінше, өсім базалық және ынтымақты зейнетақыларға, мүгедектікке, асыраушысынан айырылуға және бала күтіміне байланысты жәрдемақыларға қолданылады.

Билік бұл қадамды инфляцияның әсерін төмендету және халықтың табысын қолдау шарасы деп отыр.