homepage
Фото: видеодан алынды

АҚШ-тағы мұнай өңдеу зауытында ірі өрт шықты

03.10.2025, 15:20

АҚШ-тың Оңтүстік Калифорниясындағы Chevron мұнай өңдеу зауытында ірі өрт шықты деп хабарлайды Juzmedia.kz Fox 11 телеарнасына сілтеме жасап

SkyFOX түсірген кадрларда зауыт аумағынан лапылдаған жалынның көтерілгені байқалады. Куәгерлер қатты дүңкіл естілгенін, оның жер сілкінісіндей сезілгенін немесе әуежайға жақын орналасқандықтан ұшақ апатына ұқсап шыққанын айтады.

Өрттің себебі әзірге белгісіз, зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Құтқару қызметі жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Теги: