Қырғызстан президенті Садыр Жапаров әйелдерді өлтіргендер мен жас қыздарды зорлағандарға өлім жазасын қарастыруды тапсырды деп хабарлайды Juzmedia.kz
Бұл шешім 27 қыркүйекте Ыстықкөл облысында 17 жастағы бойжеткеннің қатыгездікпен өлтірілуінен кейін қабылданды. Тергеу барысында қызды ауыл тұрғыны көлігіне отырғызып, зорлап, кейін өлтіргені анықталды. Күдікті ұсталып, өз кінәсін мойындады. Оқиға Қырғызстан қоғамын дүр сілкіндірді.
Президенттің баспасөз қызметі қылмысты Садыр Жапаров жеке бақылауына алғанын хабарлады. Ол тиісті органдарға заңнаманы қатаңдату, балаларға, қыздар мен әйелдерге қарсы қылмыстар үшін өлім жазасын енгізу мәселесін қарастыруды тапсырды.