АҚШ Украинаға Ресейдің энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы жасау үшін барлау мәліметтерін ұсынуды және ұзақ қашықтыққа ұшатын «Томагавк» ракеталарын жеткізуді қарастырып жатыр деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Мәліметке сәйкес, әңгіме Ресейдің мұнай өңдеу зауыттары, құбырлары мен электр станциялары сияқты стратегиялық нысандары туралы болып отыр. Бұл АҚШ тарапынан әскери қолдаудың жаңа деңгейге көтерілуі мүмкін екенін көрсетеді.
Украина президенті Владимир Зеленский мәселені АҚШ президентімен талқылағанын растады. Оның айтуынша, барлау көмегі мен жаңа қару түрлері Украина үшін стратегиялық маңызға ие және соғыстағы тепе-теңдікті өзгертуге ықпал етуі мүмкін.