Экс-депутат Гүлжан Қарағұсованың қызы Данна Қарағұсова Blue Origin компаниясының NS-36 миссиясына қатысып, Қазақстаннан шыққан алғашқы ғарыштық турист болғалы отыр деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Blue Origin жариялаған тізімде алты адам бар: Джефф Элгин, Данна Қарағұсова, доктор Клинт Келли III, Аарон Ньюман, Виталий Островский және аты құпия сақталған тағы бір қатысушы.
Компанияның сипаттауынша, Данна Қарағұсова медиа мен іс-шараларды ұйымдастыру саласында 25 жылдан астам тәжірибеге ие, сондай-ақ Килиманджаро мен Эльбрус шыңдарын бағындырған тәжірибелі альпинист. Ол ғарышты «ойын-сауық емес, трансформациялық шекара» ретінде қарастырып отырғанын мәлімдеген.
Миссия сәтті жүзеге асса, Қазақстан тарихында алғаш рет отандасымыз коммерциялық ғарыш туризмі бағдарламасына қосылады.