homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Қазақстандықтар Арменияға енді жеке куәлікпен бара алады

02.10.2025, 16:47

Мәжіліс Қазақстан мен Армения арасындағы көші-қон саласындағы келісімді ратификациялап, қазақстандықтарға Арменияға жеке куәлікпен баруға мүмкіндік берді. Енді алты ай ішінде тіркеусіз болу мерзімі 90 күнге дейін ұзартылады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұл шешім туризмді дамытуға, іскерлік байланыстарды кеңейтуге және гуманитарлық қатынастарды нығайтуға ықпал етеді. Екінші келісім көші-қон саласындағы ынтымақтастықты реттеп, заңсыз көші-қонға, қос азаматтыққа қарсы бірлескен шараларды және деректер алмасуды қамтиды.

Армения парламенті де осы келісімді бұған дейін мақұлдаған. Екі ел Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болғандықтан, жаңа ереже олардың өзара байланысын жеңілдетеді.