homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Израиль Газаға көмек жеткізетін кемелердің жолын жапты

02.10.2025, 16:07

 Израиль әскері Газаға гуманитарлық жүк апарған флотилияны тоқтатты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, 39 кеме бөгелген, тек біреуі ғана қозғалысын жалғастыруға мүмкіндік алған. Кемелерде шетелдік белсенділер мен көмек жүгі болған, деп хабарлайды Juzmedia.kz

Израиль бұл әрекетті «провокация» деп атап, гуманитарлық көмекті тек ресми әрі қауіпсіз арналар арқылы жеткізуге болады деген уәж айтты.

Оқиға халықаралық деңгейде сынға ұшырады. Түркия, Испания және Италия билігі Израильдің бұл әрекетін айыптап, Газаға гуманитарлық қолдаудың еркін жеткізілуін талап етті.