homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Қазақстандық туристер Мысырға бару үшін нені білу керек?

02.10.2025, 14:31

Мысырға қазақстандық туристер үшін жаңа ереже енгізілді. 2025 жылдың 1 қазанынан бастап Шарм-эль-Шейхке барған қазақстандықтар тек Синай түбегінде жүре алады. Каир мен Луксорды көру үшін 25 долларлық виза қажет, деп хабарлайды Juzmedia.kz

Құжатсыз туристер Каирге кіре алмайды. Егер төлқұжатқа Синай штампы қойылған болса, оны кейін визаға ауыстыруға рұқсат берілмейді.

Толық туристік пакетсіз, тек әуе билетімен барғандар үшін ереже одан да қатаң. Мұндай жағдайда виза алдын ала Мысырдың Қазақстандағы елшілігінде рәсімделіп, елдің Ұлттық қауіпсіздік қызметінен рұқсат алынуы тиіс.