homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

ЕО Ресейдің бұғаттағы ақшасын Украинаға берді

02.10.2025, 15:10

Еуроодақ Украинаға 4 млрд еуро көлемінде несие берді. Қаржы Ресейдің бұғатталған активтерінен алынды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұл шешім ЕО-ның Копенгагендегі кездесуінде мақұлданды. Кейін Украина премьер-министрі Юлия Свириденко әлеуметтік желіде несиені растады және қолдау үшін алғыс айтты. Киев қаржы министрлігінің мәліметінше, қаражат әлеуметтік төлемдер мен инфрақұрылымды қалпына келтіруге бағытталмақ.

Кремль бұл әрекетті «ұрлық» деп бағалады. Соғыс басталғалы Еуроодақ Украинаның ең ірі қаржылық демеушісіне айналды. Қазіргі таңда ел бюджетінің 40 пайыздан астамы шетелдік көмек есебінен қалыптасып отыр.