homepage
Фото: Euronews.com

Мароккодағы үкіметке қарсы наразылық тәртіпсіздікке ұласты

02.10.2025, 14:06

Мароккода алты күннен бері жалғасып жатқан үкіметке қарсы наразылық акциялары жаппай тәртіпсіздікке айналды. Наразылар жемқорлықпен күресті күшейтуді, білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерін жақсартуды талап етуде, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Касабланка, Марракеш, Танжер, Сале және Тетуан қалаларында өткен ең ірі шерулер барысында 300-ден астам адам жарақат алған, олардың басым бөлігі – құқық қорғау қызметкерлері. Сонымен бірге 400-ден аса демонстрант ұсталды.

Ішкі істер министрлігінің дерегінше, екі адам полиция бөлімшесін басып алмақ болған кезде жараланған. Полиция қаруды өзін қорғау мақсатында қолданғанын мәлімдеді. Наразылықты жастардың "GenZ 212" атты онлайн тобы ұйымдастырған. Бұл ел тарихындағы ең ауқымды акциялардың бірі болып отыр.