Tesla, SpaceX және xAI компанияларының негізін қалаушы Илон Маск әлемдегі ең бай адам атанды. Оның байлығы 500 млрд долларға жетіп, әлем тарихында мұндай көрсеткішке қол жеткізген алғашқы адамға айналды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Масктың қаржысы Tesla акцияларының қалпына келуімен, жасанды интеллект жобасы xAI-дың дамуы және SpaceX құнының артуымен өсті. Forbes дерегінше, миллиардерлер тізімінде Масктан кейін Oracle негізін қалаушы Ларри Эллисон мен Meta басшысы Марк Цукерберг орналасқан.
Илон Маск бұған дейін, 2021 жылы, байлығы 190 млрд долларға жетіп, алғаш рет әлемнің ең бай адамы атанған еді.