Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Астанада өтіп жатқан Digital Bridge 2025 форумында Қазақстанда жасанды интеллект зертханасы ашылатынын жариялады деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Ол жаңа жоба Alem.ai ғимаратында іске қосылатынын айтты. Дуровтың айтуынша, бір жыл бұрын Telegram-ның алғашқы өңірлік кеңсесі Қазақстанда ашылып, оның нәтижесі жоғары бағаланған. Енді компания Қазақстанның ЖИ министрлігі іске қосқан суперкомпьютерлік кластермен бірлескен жобаны қолға алады.
Жаңа технология Telegram пайдаланушыларына жасанды интеллект функцияларын конфиденциалды, ашық әрі тиімді қолдануға мүмкіндік береді. «Біз Қазақстанның суперкомпьютерлік кластері осы желі үшін алғашқы ірі есептік қуат жеткізуші болады деп сенеміз», – деді Павел Дуров.