homepage
Фото: Ақорда

Тоқаев жасанды интеллекті тезірек енгізуді тапсырды

02.10.2025, 10:44

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектінің әлеуетін ел дамуына бағыттау қажет екенін айтты. Оның сөзінше, бұл технологияны Әділетті, Қауіпсіз және Қуатты Қазақстан құру жолында қолдануға мүмкіндік бар, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні енгізуде жайбарақат отыруға болмайтынын атап өтті. Ол үшін ресурс тарту, жаңа білімді меңгеру және этика нормаларын сақтау маңызды екенін жеткізді.

«Әділ әрі тиімді шешім қабылдай отырып, жылдам және ашық әрекет ету қажет», – деді Президент Digital Bridge 2025 форумында.