Астанада Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумы өтіп жатыр. Пленарлық отырыста Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлейді деп жоспарлануда, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Жиынға ресми сапармен келген Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок та қатысты. Форум әлемдік жоғары технология саласының көшбасшыларын жинады.
Спикерлер арасында Telegram негізін қалаушы Павел Дуров, Sinovation Ventures және 01ai бас директоры Ли Кай Фу, Google сарапшысы әрі Стэнфорд университетінің ғалымы Питер Норвиг, G42 International компаниясының бас директоры Мансур Ибрагим Әл Мансури және Стэнфорд профессоры Илья Стербулаев бар. Форумда high-tech индустриясының өзекті мәселелері талқыланады.