Қарағандыдағы полиция бөлімінде бір бөлмеден жалаңаш әйелдің мәйіті, екіншісінен ес-түссіз жатқан майор табылды. Ол есірткіні шамадан тыс пайдаланған күдікпен жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Оқиға орнына келген учаскелік инспектор мәйіт пен майорды әртүрлі бөлмеден көргенін айтқан.
Аймақтық пабликтердің мәліметінше, полицей ғимараты толық қоршауға алынып, тергеу басталған. Әйелдің өлімі мен болған жағдайдың мән-жайы әзірге белгісіз.
Полиция басшылығы төтенше жағдайға алаңдаушылық білдіріп, басқарма бастығы Шахназар Салин бірден оқиға орнына жеткен. Сондай-ақ бұл іске жеке бақылау жасау үшін Астанадан Ішкі істер вице-министрі жолға шыққаны хабарланды.